Қырғызстанда жоғалған альпинистердің денелері табылды

Сурет: Facebook/sashasmirnov
2026 жылдың 16 тамызында таңертең Құрумды шыңында із-түзсіз жоғалған альпинистердің денелерін құтқарушылар тапты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы іздеу операциясының жетекшісі Александр Смирнов Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Беткей үстінен дронмен ұшу кезінде қар мен тастың сырғыған жері түсірілді. Бейнежазбаларды қарап отырып, бұған дейін табылған заттардың жанындағы үйінділерден топ мүшелерінің денелері болуы мүмкін деген болжамға негіз болатын нәрсені көрдік", – деп жазды Смирнов.

Сурет: Facebook/sashasmirnov

Оның айтуынша, беткейден табылған заттардың арасын арқан жалғап тұрған. Ол альпинистердің бір арқанға байланып, бірге қозғалғанын болжап отыр. Ал беткейдің төменгі жағынан үшеуіне тиесілі заттар табылған.

"Топ бөлінбеген, олар бірге болған және бірге қалды. Ешкім беткейде жалғыз қалған жоқ", – деп атап өтті ол.

Сурет: Facebook/sashasmirnov

Ол Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларына, дрон операторларына, тауға жанармай жеткізген жергілікті тұрғындарға және бейнежазбаларды саралаған жүзге жуық еріктіге алғыс білдірді.

Сурет: Facebook/sashasmirnov

Альпинистердің екеуі Беларусь азаматтары, ал біреуі Литва азаматы екені белгілі. Олар 2 тамызда Құрумды шыңына көтерілген. 4 тамызда топ базалық лагерьге қарай түсуі керек болған, алайда белгіленген уақытта байланысқа шықпаған.

Құрумды шыңы Ленин шыңының шығысында, Чон-Алай жотасында, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай шекараларының түйісінде орналасқан. Бұл шың күрделілігі ең жоғары санатқа жататын шыңдардың қатарында.

Бұған дейін, Қырғызстандағы Жеңіс шыңында өткен жылы қаза тапқан Наталья Наговицынаға қатысты іздеу жұмыстары 2026 жылы нәтиже бермегенін жазған болатынбыз.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Үкімет Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

Канье Уэстің досы Алматыдағы кештен кейін әсерімен бөлісті