ХҚО-лар қай күндері жұмыс істемейді

Zakon.kz
Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейтін болады.

Мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты 1 желтоқсан күні Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде 334 халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 32 мамандандырылған бөлім бар, онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түрі бойынша жүгіне алады.

Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді мереке күндеріне қарамастан, egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде кез келген жерден рәсімдей алады.

«Біз қазақстандықтарды желтоқсан айында атап өтілетін мерекелерімен құттықтаймыз. Көпшілік демалыс және мереке күндеріне дейін барлық құжатын түгендеп-жинастыруға, қандай да бір анықтамасын жаңартып қалуға тырысады. ХҚО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламын. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері – демалыс». Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов

Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейтін болады.

Алматы
Нұр-Сұлтан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады