Мобильді төлемдер бойынша салық органдарына деректерді беру ережелері әзірленді

Сурет: pexels
Қаржы министрлігі екінші деңгейдегі банктердің салық органдарына төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықтардан ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер беру жөніндегі пилоттық жобаның ережелері мен мерзімін әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Пилоттық жоба екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) ақпараттық жүйелері арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде салық төлеушілер жүргізген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына тегін негізде беруді көздейді.

Ережеде мына жайттар анықталған:

Пилоттық жобаға қатысушылар:

Салық төлеушілер:

1) Пилоттық жоба аяқталғанға дейін POS-терминалды қолдануға;

2) ЕДБ-мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру туралы шарт жасасуға міндетті.

Екінші деңгейлі банктер:

  1. Комитеттің ИДБ АЖ-мен интеграцияны қамтамасыз етуге;

  2. Комитетке POS-терминалдарды қолданатын салық төлеушілердің тізімін ұсынуға;

  3. Комитетке POS-терминалдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді өзгеріссіз түрде беруге;

  4. мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты құрайтын ақпаратты жария еткені, таратқаны үшін қызметкерлердің жауаптылығы туралы құқықтық актіні бекітуге;

  5. POS-терминалды қолданатын салық төлеушілер үшін техникалық қолдауды қамтамасыз етуге міндетті.

    Пилоттық жобаны жүргізу мерзімін 2022 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін айқындау көзделген.

    Құжат 7 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.

Қазақстан
Ашық НҚА
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады