Министрлік өз құзіреті аясында азаматтардың радикалдануына жол бермеу және дінді деструктивті мақсатта пайдалануын болдырмау үшін діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастырды. Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жалпы профилактикалық сипаттағы, сондай-ақ радикалды идеологияға тарту тәуекелі бар халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Әлеуметтік желілерге назар аудара отырып, радикалды діни идеалогияның алдын алу және қарсы насихаттау бойынша ақпараттық алаңда белсенді жұмыс жүргізілуде. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров
Сондайқ-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі елдегі интернет кеңістігінде мониторинг шаралары күшейтілетінін айтты.
Интернет кеңістігінің мониторингі күшейтіледі және әлеуметтік желілерде радикалды топтар мен қоғамдастықтардың қазақстандық жазылушыларымен атаулы жұмысқа назар аударылады. Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен, оның ішінде «Жусан» арнаулы операциясы аясында террористік белсенді аймақтардан қайтарылған әйелдермен оңалту жұмысы одан ары жалғасады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров