Бейбіт Исабаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Бейбіт Исабаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылсын.Ақорда

Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген. 

Білімі:

1985 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. 

1999 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолы:

1985-1987 жж. – Қазақ КСР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы.  

1987-1991 жж. – «Лениншіл Жас» республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.

1991-1994 жж. – «Өркен», «Горизонт» газеттері редакторының орынбасары, редакторы.

1994-1995 жж. – Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы.

1995-1997 жж. – Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 

1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы. 

1999-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры.

2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.  

2002-2003 жж. – «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші.

2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі. 

2006-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған.

2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы. 

2009-2015 жж. – Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2015-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2019 жылдың 19 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің парламенттегі өкілдігі басшысы қызметін атқарған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: