Үкімет зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтейді

Сурет: Zakon.kz
Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалды жою мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссия ШОБ өкілдеріне келтірілген шығынды өтеу тетігін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz

Үкімет резервінің қаражаты кәсіпкерлік субъектілеріне төлем жасау үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі, делінген primeminister.kz сайтында.

Жылжымайтын, жылжымалы мүлік бойынша, сондай-ақ жоғалған (ұрланған) тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша келтірілген залал өтеледі. Зақымдалған жылжымайтын мүліктің орнын толтыру бекітілген сметалық құжаттама негізінде жүзеге асырылады.

Бүлінген немесе жойылған жылжымалы мүлік және тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша өтеу әкімдік және/немесе «Күшіміз бірлікте» зардап шеккен бизнесті қолдау қоры айқындайтын бағалау және аудиторлық компаниялар дайындаған бағаға сәйкес жүргізілетін болады.

Жоғалған (ұрланған) тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша өтеу сомасы растайтын құжаттардың негізінде, ал олар болмаған жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің 2021 жылғы орташа айлық айналымы түрінде айқындалады.

Жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын өтеу үшін «InfoKazakhstan.kz» платформасында тиісті өтініш беру керек. Залалды бағалауды және өтелетін құнның мөлшерін айқындауды мүлікке келтірілген зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар және «Күшіміз бірлікте» қорының өтінімдерін қарау жөніндегі комиссиялар жүргізеді.

Кәсіпкерлердің өтініштері 5 күнтізбелік күн ішінде қаралады, мақұлданған жағдайда тиісті қаражат өтініш берушіге аударылады. Кәсіпкерлерге биылғы ақпан айынан бастап төлем жасау жоспарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды