Сыртқы істер министрлігі Еуропарламентке жауап берді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропалық парламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарарына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропалық парламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарары біржақты сипатқа ие екенін және объективті емес тұжырымдарға негізделгенін мәлімдейді. Елімізде орын алған қаңтардағы қайғылы оқиға объективті бағаланбаған. Қазақстан Республикасының басшылығы тапсырған ресми тергеп-тексеру нәтижелері жарияланғанға дейін мұндай құжаттарды қабылдау қисынсыз деп санаймыз. Оның нәтижелері халықаралық қоғамдастыққа ұсынылатынын тағы да растаймыз.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Сонымен қатар, СІМ аталған қарар жобасын әзірлеу кезінде Еуропалық парламент депутаттары мен оның құрамындағы саяси топтар Қазақстанның ресми тұлғаларынан нақты ақпарат алмағанын атап өтті. Әрі аталған құжат авторлары ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі және мемлекеттік органдармен тікелей диалог жүргізетін азаматтық қоғам институттары да тартылмаған көрінеді. Дегенмен Қазақстан өз кезегінде жаһандық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосып жатқанын айтты.

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің, беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде, гуманитарлық құқық саласындағы көпжақты келісімдердің қатысушысы бола отырып, заңның үстемдігіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өз міндеттемелеріне толықтай бейілді. Еліміз сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы күресті қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерісіне қомақты үлес қосып келеді.ҚР Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы реформаларды жүрзеге асыруға аталған қарардың зияны тиюі мүмкін екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Еуропалық одақтың барлық институттарымен өзара түсіністік және құрмет қағидаттары негізінде өзара сындарлы іс-қимыл жасауға мүдделі. Еуропалық Парламенттің аталған қарарын асығыс қабылдауы демократиялық институттарды нығайту және азаматтық қоғамның дамуына бағытталған ҚР Президентінің реформаларын қабылдау және жүзеге асыру үдерісіне кері әсер етеді және зиян келтіреді.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: