Сұлтанов ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін арттыруды тапсырды

Сурет: Zakon,kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов инфляцияның өсуіне жол бермеу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, сауда министрлері, сондай-ақ Ұлттық банк басшылығы инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы баяндады, делінген primeminister.kz сайтының хабарламасында.

Сұлтанов мемлекеттік органдарға мақсатты инфляция дәлізін ұстап тұру және негізгі әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдауды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін арттыру бойынша жұмысты арттыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын болжау алгоритмін әзірлеуді жеделдету тапсырылды.

Сұлтанов Бақыт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді