Утилизациялық алым мөлшерлемесі ақпанның соңына дейін белгіленеді – министр

Сурет: pixabay
Утилизациялық алым мөлшерлемесі ақпан айының соңына дейін белгілі болатынын мәлімдеді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазіргі уақытта кабельдік және сым өнімдеріне утилизациялық алымды 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтату туралы шешім қабылданды. Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, осы айдың соңына дейін мөлшерлемені қайта қарау жұмыстарын аяқтаймыз.ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Экология министрлігінің басшысы утилизациялық алымды басқару және тиісті қаражатты кәдеге жарату функциялары «Жасыл даму» АҚ-на берілгенін еске салды. Ол 100 пайыз мемлекет қатысатын министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымы.

8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов көліктер мен ауылшаруашылық техникалардан өндірілетін утилизациялық алым мөлшерлемесі айтарлықтай төмендейтінін мәлімдеген еді.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз