Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін талдау әдістемесін әзірлеу барысы баяндалды

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау әдістемесін әзірлеу бойынша ахуал жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ,биыл 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау әдістемесін әзірлеу міндетін қойды.  Әдістемені әзірлеу жұмыстарының барысы туралы Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Есеп комитетінің бірінші басшыларының орынбасарлары баяндады, делінген primeminister.kz сайтында.

Талдау мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік әсерін: жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, қызметкерлердің кірістерін ұлғайту, жұмыс күшінің сапасын жетілдіру және т.б. сондай-ақ салық салынатын базаны кеңейтуді және төленетін салықтар көлемін ұлғайтуды қоса алғанда, экономикалық әсерді бағалауды көрсетуі тиіс. 

Бақыт Сұлтанов 2018 жылдан бастап барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын жұмсау практикасын әлеуметтік-экономикалық талдау ретроспективасын әзірлеу кезінде ескеруді тапсырды.

Бұл ретте Үкіметтің, Стратегиялық жоспарлау агенттігінің және есеп комитетінің күш-жігерін үйлестіру қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған