Республика отандық өндіріс есебінен нан, ұн, макарон өнімдері, өсімдік майлары, картоп және көкөніс өнімдері, ет, қарақұмық жармасы, күріш, сүт және сүт өнімдері және т. б. азық-түлік тауарларының қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген.
Азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өңірлердің тұрақтандыру қорларында азық-түлік тауарларының қажетті қорлары қалыптастырылды. Республиканың азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмысы мәселелері тұрақты бақылауда. ҚР АШМ баспасөз қызметі
Атап айтқанда, шұғыл түскен деректерге сәйкес, республика бойынша ағымдағы жылдың 4 наурызына 1,5 млн тонна ӘМАТ және 6,7 млн тонна азық-түлік бидайының қоры бар.
Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады. Жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тапшылығының туындау тәуекелі жоқ екенін жеткізеді. ҚР АШМ баспасөз қызметі