Асқар Омаров БАҚ туралы заңға өзгерту енгізу үшін журналистерден ұсыныс күтеді

Сурет: pixabay
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналистерді БАҚ туралы заңға енгізілген жаңа түзетулерді әзірлеуге белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұны бірге талқылаймыз. Қазірдің өзінде журналистік ұйымдардан, журналистік құқық қорғау ұйымдарынан, сарапшылардан өтініштер түсіп жатыр. Бәріміз бірге отырып, талқылаймыз. Нақты не өзгеретінін алдын ала айту ерте. Өйткені бұл жеке менің ғана емес, БАҚ өкілдерінің жалпы өтініші болуы керек.қпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров

Министр журналистерге жаңа түзетулерді талқылау үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.

Кеше Facebook-тегі парақшама WhatsApp желісінде ұсыныс күтеміз деп жаздым. Ұсыныстарды жеке кездесу кезінде де жіберуге болады. Жұмыс тобын құрып, қазіргі медиа саласының жемісті дамуы үшін бүгінде қажет нәрсенің барлығын талқылайық.Асқар Омаров

Біздің жолымыз – БАҚ-ты одан да тиімді әрі аудиториямыздың сұранысына ие болу үшін жемісті дамыту, – деді министр.

Еске салайық, 16 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет екенін айтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды