Тапшылық болмайды – ҚР ИИДМ басшысы кеңсе қағазы туралы айтты

Сурет: pexels
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы кеңсе қағазына қатысты жағдайға түсініктеме берді – бұл тауардың бағасы көрші Ресейде қағаз тапшы деген желеумен күрт өскен еді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Менің ойымша, Қазақстанда анау айтқандай тапшылық болмайды. Қазір қағазды импорттап жатырмыз – негізгі жеткізушіміз Ресей Федерациясы (61%), одан кейін Түркия мен Қытай. Қажет болса, біздің бизнес құрылымдарымыз тез арада бейімделеді деп ойлаймын. Қандай да бір кедергі туындаса, бізде қағаз жеткізуге балама жолдар жеткілікті.Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

ҚР ИИДМ басшысының айтуынша, Қазақстанда қағаз кесетін өндіріс жолға қойылған.

Қағаз орамдары әкелінеді, осындай екі зауыт бар. Біз шикізатты аталған елдерден әкелеміз. Қайырбек Өскенбаев

Бұл ретте министр Қазақстанда кеңсе қағаздары бағасының күрт өсуі фактісі бойынша арнайы органдар тексеру жүргізе алатынын айтты.

Баға өсіп барады, неге екенін білмеймін. Тиісті органдар қайта тексеретін шығар, өйткені бұл басқа органдардың құзырында. Қайырбек Өскенбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді