Қазақстанда қазір Ресейдің 101 мыңнан астам азаматы жүр

Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов «ресейліктердің жаппай Қазақстанға жұмысқа келіп жатқанына» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр шетел мамандарының келгенінен қорықпау қажеттігін, себебі ондай үрдістің тиімді тұсы бар деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Мықты мамандар келеді, ірі IT-компаниялар бар. Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен кездесу де өтті. Мәселен, InDriver-де келіп, Қазақстанда өз кеңсесін ашып жатыр. Бұның барлығы - білім мен құзіреттің импорты. Одан неге қорқамыз? Ондайда қазақстандықтар көп нәрсе үйрене алады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысқа орналасу барысында жас қызметкерлер үшін сынақ мерзімін алып тастауды ұсынып отыр. Дерек бойынша, жоғары оқу орындары түлектерінің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. 

Елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 15 пайызының тек орта білімі бар. Олардың жұмыс табуы өте қиын. Түлектердің 40 пайыздан астамы өз мамандығы бойынша жұмыс таппайды. Жастардың 34 пайызы мамандықты өздері таңдамайды. Осындай жастар оқу бітіргеннен кейін ол сала бойынша жұмысқа тұрмайды, тұра алмайды. Сондықтан, оқушы мектеп қабырғасынан кәсіптік бағдар алуы керек. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған