Мал дәрігерлерінің жалақысы көбейеді – министр

Сурет: pixabay
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәжілістегі үкімет сағатында мал дәрігерлерінің жалақысын көтеру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мал дәрігері мамандарының жалақысы мемлекеттік тапсырыстарды орындауға арналған тарифтердің көтерілуіне байланысты орта есеппен 33,4%-ға өсті. Жыл соңына дейін еңбекақыны 60 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Ведомство басшысы бәсекелестік сектор жоқ өңірлерде коммуналдық ветеринарлық кәсіпорындар ұсынатын ақылы қызмет көлемін арттыру жоспарланып жатқанын мәлімдеді. Осыған орай ол жер-жерде ақылы қызмет түрлерінің тарифі бекітіліп жатқанын тілге тиек етті.

Тиісті заңдардың қабылдануымен келесі жылдан бастап КММ бойынша 50 пайыз және КМК мен КММ бойынша негізгі лауазымдық қызметақыға 140 пайыз үстемақы енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ денсаулықты жақсартуға жәрдемақы ретінде екі лауазымдық жалақы төлеу енгізіліп жатыр. Бұл шаралар мамандықтың тартымдылығы мен беделін айтарлықтай арттырады деп ойлаймыз.Ербол Қарашөкеев

Министрдің айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы саласында ең аз еңбекақыны мал дәрігерлері алып отыр. Қазіргі таңда коммуналдық кәсіпорындардағы мал дәрігерлерінің орташа айлық жалақысы өңірлерге қарай 80 мыңнан 200 мыңға дейінгі аралықта.

Республикадағы мал дәрігерлерінің орташа жасы – 40-55 жас. Ауыл шаруашылығы министрі ветеринария саласына жоғары білікті жас кадрлар жетіспейтінін атап өтті.

Қазіргі қоғам тенденциясына сай келетін табыс табу мүмкіндігінің жоқтығы, ауыр еңбек жағдайлары, ауылдағы инфрақұрылымның дамымауы жастар арасында мал дәрігері мамандығының тартымсыз болуына әкеліп соқтырып отыр.Ербол Қарашөкеев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады