Далада шашылып жатқан мал өлекселеріне қатысты АШМ түсінік берді

Сурет: primeminister.kz
Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев ауылдық округіндегі мал қорымының жанынан табылған жануарлардың өлексесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетелік, шашылған мал өлексесі туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

Қыс бойына көтерем болып өлген малдың тушаларын жақын маңдағы бірнеше елдімекендер мен фермалар осы араға шығарып тастаған. Жерасты суларының жақын орналасуына байланысты жоба бойынша жерді терең қаза отырып, мал қорымын салуға бұл арада рұқсат етілмеген. Бүгінгі таңда осы арада алты жыл бұрын салынған, Шығанақ Берсиев ауылдық округі әкімдігінің балансындағы 20 тонналық цестерна ауылшаруашылығы жануарлары мен көзі жойылған қаңғыбас ит-мысықтардың өлексесіне толып кеткен, – делінген хабарламада.

Хабарламада атап көрсетілгендей, өлекселердің әбден бүлініп кетуіне байланысты сараптамаға материал алу әрі оны тексеру мүмкін болмады. Сондай-ақ, сиырлардың құлағындағ сырға да алынып қойылған, сондықтан өлексе малдың иелерін анықтау да қиынға соққан.

Жергілікті ветеринариялық станса мамандарының тартқан техника көмегімен мал қорымының айналасында шашылып жатқан 15-ке жуық мал өлекселері өртеліп, көзі жойылып жатыр. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды