Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан қандай тауарға тәуелді екенін айтты

Қазақстан азық-түлік тауарларының 29 негізгі түрі бойынша өзін отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Осылайша тек 11 тауар позициясы бойынша ішкі нарық 100 пайыз қамтамасыз етілген. Олар: нан, макарон, сүт, картоп, қияр, күріш, қой еті, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, қарақұмық, тұз.

12 тауар бойынша қамтылу көрсеткіші 80% немесе одан да көп. Олар: қызанақ, сәбіз, қырыққабат, пияз, бұрыш, қызылша, сиыр еті, жылқы еті, шошқа еті, сүт өнімдері, сары май, күнбағыс майы.

Алма – 73,7%, құс еті – 65,4%, шұжық өнімдері – 56,4%, ірімшіктер мен сүзбе – 56%, қант – 42,6%. Мұнда қамтылу деңгейі 80%-дан төмен. Бұл тауарлар тобы бойынша импорт көлемі 700 миллион доллардан асады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Осыған орай, министрдің айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда 24 ет комбинаты салынып, 8,2 мың гектар аумаққа бау-бақша отырғызу бойынша 22 жоба іске қосылады. Сондай-ақ, 20 сүт өңдеу зауыты, 23 құс фабрикасы және бір қант зауыты салынады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: