Кеңес барысында Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын орындау үшін 30-дан астам іс-шарадан тұратын Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Сурет: primeminister.kz
Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік органдарды нәтижелі жұмысқа, азаматтарды толғандыратын мәселелерді тиімді әрі сапалы шешуге бағыттауға мүмкіндік береді. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Мәселен, бүгінгі таңда Үкімет қаулысымен комиссиялар саны 70-тен 25-ке дейін қысқартылды.
Осындай жұмыстар министрліктерде де жүзеге асады. Құжаттарды қарау мерзімін екі есе қысқартатын, сондай-ақ норма шығару процесін қайта құратын Үкіметтің жаңа регламенті әзіленіп жатыр. Регламенттің жаңа редакциясы жақын арада бекітіледі. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар Үкімет басшылығының қолданыстағы тапсырмалары тексеріліп жатыр. Маңыздылығын жойған және қайталанатын тапсырмалардың барлығы алынып тасталады.
Сондай-ақ «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және бюрократиядан арылту жөніндегі ұсыныстарды жинайтын онлайн-ресурс құрылады.
Іс-қимыл жоспары өте қысқа мерзімде орындалуы тиіс. Барлық тармақтың орындалу сапасына назар аударуды сұраймын. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов
Сурет: primeminister.kz
Ол атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың жұмысын едәуір жеңілдетіп, қоғам үшін барынша тиімді әрі ашық болуы тиіс екенін атап өтті.