ҚР ИИДМ жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасын түсіндірді

Сурет: freepik
Үкімет 100 млрд теңге көлемінде жаңа автонесие бағдарламасын қаржыландыруды қарастыратын қаулы қабылдады. Бұл туралы брифингте ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Брифинг барысында Олжас Сапарбеков Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылдан бері бар екенін, соның аясында 2021 жылғы мамыр айына дейін 82 млрд теңге бөлінгенін тілге тиек етті.

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша бұл сомаға қазірдің өзінде 30 мың көлік сатып алынып, 162 миллиард теңге несие берілген.

Ол қазіргі уақытта жеңілдетілген автонесие қаржыландырудың револьверлік әдісі арқылы іске асырылып жатқанын түсіндірді: несиелерді өтеуден босатылған қаражат жаңа несиелерге жұмсалады.

Өтініш берушілердің сұранысы көп екенін ескере отырып, екінші деңгейлі банктер жаңа өтінімдер қабылдап жатыр. Бағдарламаға сұраныс жоғары. ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков

Ведомство өкілінің айтуынша, бұған қоса үкімет «Жасыл Даму» АҚ операторы есебінен 100 млрд теңгеге жаңа автонесие бағдарламасын қаржыландыруды және автобус паркін жаңартуға 30 млрд теңге сомасында лизингтік қаржыландыруды қарастыратын қаулы қабылдады.

Бағдарламаның негізгі шарты – жеңіл автокөліктің бір бірлігін қаржыландыру. Ол 10 миллион теңгеден аспайды. Бір қарыз алушы екі жылда бір рет қана қаржыландырылады, қаржыландыру мерзімі жеті жылдан аспайды. Бастапқы жарна – 0 пайыздан басталады, көлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Олжас Сапарбеков

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары бұл бағдарламаға бұрынғы бағдарламаға қатысуға өтініш берген тұлғалар да қатыса алатынын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді