Смайылов: Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов баршаны 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қымбатты отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл күн баға жетпес байлығымыз — тыныштық пен береке-бірліктің, ырысты ынтымағымыздың мерекесі. Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы. Әлихан Смайылов

Сондай-ақ ол баршаға зор денсаулық, еңбектеріне табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тіледі.

Қоғамда келісім, жасампаз еңбек және өзара құрмет болған кезде кез келген қиындықты еңсеруге болады. Біздің жетістіктеріміз ынтымағы жарасқан ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен береке-бірлігінің арқасында мүмкін болды. Әлихан Смайылов

 

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты