БАҚ өкілдері Қазақстанда көлік құны кем дегенде екі есе өскенін айта келе, үкімет бұл мәселені қадағалап отыр ма, соын сұрап-білді.
Қазақстанда құрастырылатын көліктердің құны барынша айқын: «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға сәйкес, көлік жиынтықтарын шығаратын зауыт пен біздің зауыт арасында делдал жоқ. Сондықтан, олар мысалы, локализация 32% деп айтса немесе көрсетсе, бұл локазилация ақшалай түрде көрініс табады – біздің көлік өндіруші 32% табыс табады, ол одан кейін оны минималды үстеме баға қойып, сататын дилерге береді, яғни баға белгілеу ашық болады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр
Спикердің айтуынша, түрлі дилерлер арқылы автокөліктерді импорттау кезінде баға белгілеу ашық бола бермейді.
Көлік бағасының өсуінің әлемдік тренді бәрімізге белгілі. Бізде белгілі корей маркасының көлігі қымбаттаса, оның дүние жүзінде қымбаттағанын көруге болады. Металл, көлік, логистика қымбаттады. Бұл – қашып құтыла алмайтын объективті трендтер. Роман Скляр