Кешеден бастап өтініш қабылдауды бастадық. Екі банк – ЦентрКредит пен Eurasian Bank автонесиеге өтініш қабылдауды бастады. Орта есеппен екі банкке 2200-ден астам өтініш қабылданып, қазір ол өтініштер қаралып жатыр. Қалған банктер бойынша, кеше әріптестеріп атап өткендей, корпоративтік процедуралар жүріп жатыр. Ол банктер жақын арада бұл процедуралар аяқталғаннан кейін іске кіріседі. ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков
Оның айтуынша, «ЦентрКредит» бір күнде 1000-ға жуық, ал Eurasian Bank 1200-ге жуық өтінішті қабылдады. Сонымен қатар ForteBank пен Halyk Bank автонесие беруге рұқсат алды.
Сапарбеков атап өткендей, басқа банктер де жақын арада Индустрияны дамыту қорынан келісім алып, несиелеуді бастайды.
Несиеге автокөлік сатып алу үшін шотты алып, банкке бару керек. Банктің мақұлдау бойынша өз процедуралы бар. Олар бірқатар мәселелерді қарастырады: әл-ауқаттың келуі, несиенің болу-болмауы, басқа да міндеттемелер. Банктен рұқсат алғаннан кейін ғана автокөлікті алуға болады. Олжас Сапарбеков
Еске салсақ,16 мамырдан бастап банктер жеңілдетілген автонесие бере бастады.