Қазақстанда қант тапшылығы жоқ – ҚР АШМ

Сурет: pixabay
Республикамызда қант қоры шамамен 67 мың тоннаны құрайды. Қант өндірісі үздіксіз жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна құрғақ қант шикізаты бар. Жолда қосымша 16 мың тонна қант шикізаты бар.

Қант зауыттарындағы өнім өндірісі үздіксіз жүріп жатыр. Ішкі нарыққа  қант жеткізуді «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ жүзеге асырады.

Бағаларды тұрақтандыру үшін зауыттар өңірлердің тұрақтандыру қорларына, сауда желілеріне және жеткізушілерге тиеуді, құрамында қант бар өнімдерді өндірушілерге олардың өтінімдеріне сәйкес жеткізуді жүзеге асырады. Биыл мамыр айында барлығы 30 мың тоннадан астам жүк тиелді, маусым айында 44,8 мың тонна қант жөнелту жоспарланып отыр. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Ауылшаруашылығы министрлігі (ҚР АШМ) өнімді өңірлерге жедел жеткізу үшін мүдделі тараптармен бірлесіп, Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен жүктерді (ақ қант, құрақ қант шикізаты) кедергісіз өткізу мәселесін пысықтап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды