Жеңілдетілген автонесие алуға 20 мыңнан астам өтініш түсті. Біз 100 миллиард теңге шамамен 15-16 мың несиеге жетеді деп болжадық. Бүгінгі таңда 9 885 өтінім мақұлданды. Бұл шамамен 73 млрд теңге. Әзірге резервте 27 миллиард теңге бар. 3 мыңға жуық автокөлік шығарылды. Қайырбек Өскенбаев
Ол сондай-ақ жеңілдетілген автонесиеге бөлінген соманы толығымен пайдаланған кезде, сол қаражатты револьверлік схема бойынша одан әрі пайдалануға болатынын атап өтті.
Ең дұрысы, бұл 100 миллиард берілсе, міндетті түрде 100 миллиард емес, бір-екі айдан кейін, олар төлей бастағанда, револьверлік тәртіппен сол банкілер ақшаны басқа адамдарға несие беруге қолданады. ҚР ИИДМ басшысы
Алдағы уақытта жеңілдетілген автонесиеге қосымша ақша бөліну-бөлінбеуіне қатысты сауалға жауап берген министр «әзірге осы қаражат қана қарастырылғанын, бірақ бұл бағдарлама халық арасында сұранысқа ие екенін» айтты.
100 млрд теңге айына 85 мыңнан: 15-16 мың адам айына 85 мың теңгеден төлейді. Айына қанша ақша жиналатынын есептей беріңіз. Бұл тек математикалық есеп. Қайырбек Өскенбаев
Еске салсақ, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылды. 16 мамырда қазақстандық банктер жеңілдетілген автонесие бере бастады.