Ғылым министрі жаңа министрлікті құруға қанша уақыт кететінін айтты

Сурет: Zakon.kz
Жаңадан тағайындалған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірінші кезекте ұйымдастыру мәселелеріне көңіл бөлетінін, содан кейін ғана министрліктің ішкі мәселесіне кірісетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Әзірге заңды тұлға ретінде министрлік жоқ. Соның бәрін нөлден бастап құру үшін бір немесе екі ай қажет. Түсініңіздер, мен қазір ішкі жұмыстармен айналыса алмаймын. Министрлік құрып, өзімді, содан кейін басқа адамдарды жұмысқа алуым керек. Саясат Нұрбек

Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы жаңа жұмыс орнында қандай жұмыстармен айналысатынын да айтып өтті. Қазір президент төрт үлкен міндет жүктеді.

Бірінші міндет – Ұлттық ғылым академиясын нығайтып, мәртебесін қайтару.

Министрдің айтуынша, бұл жұмыс қолға алынған. Қазірдің өзінде тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр.

Екіншісі – Жоғары оқу орнындағы ғылым.

Университет ғылымының іргетасқа айналуы тиіс, практикалық қолданбалы зерттеулерге қосылуы керек. Саясат Нұрбек

Үшіншісі – ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау және қаржыландыру.

Министрдің айтуынша, бірнеше жүйелі шара әзірленіп жатыр және бұл жақын арада ашық талқыланады.

Төртінші – ғылымды танымал ету.

Асхат Қанатұлы ұстаз мәртебесін қалай қайтарды. Біз де ғалым мәртебесіне назар аудартқымыз келеді. Саясат Нұрбек

1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлу туралы ұсыныс жасады.

11 маусымда Білім және ғылым министрлігін Білім министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігі болып қайта құру туралы қаулыға қол қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады