Біржылдық бюджеттік жоспарлауға қашан ораламыз

Сурет: Zakon.kz
Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Қазақстанның жылдық бюджеттік жоспарлауға қашан көшуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Биыл біржылдық бюджетке көшпейміз. Келесі жылы да. Бұл мәселе талқылауды қажет етеді. Бұл менің ұсынысым – Жоғарғы қаржы бақылау органы, бірақ оны талқылау керек. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова

Баяндамашы біржылдық бюджетке көшу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқанын еске салды. Бірақ ол бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен, министрліктермен, жергілікті атқарушы органдармен, сарапшылар қауымдастығымен талқылауды қажет етеді.

Үш жылдық бюджет бірден жақсы нәтиже бермеді. Өңірлердегі барлық әкімшілер, орталық мемлекеттік органдар жобалардың екінші және үшінші жылдық бюджетін нақтылауға көп уақыт жұмсайды. Қайта құру, құрылысқа келсек, жобалық-сметалық құжаттама болмаған жағдайда Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі құжат қабылдамайды. Наталья Годунова

Есеп комитеті басшысының айтуынша, бұл уақытша шара болуы мүмкін, жағдай тұрақталғанда үшжылдық бюджеттің жоспарлауға қайта оралуға болады.

Бұған дейін Наталья Годунова біржылдық бюджетті жоспарлауға қайта оралуды ұсынған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты