Елімізде дәлдігі жоғары геодезиялық координаталар жүйесі жасалады

Мәжіліс депутаттары геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2002 жылы қабылданған қазіргі заңды қайта қарауды ұсынды.

20 жылдың ішінде геодезия және картография саласы үлкен өзгеріске ұшырады. Өндіріске цифрлық технологиялар мен спутниктік құралдар енгізіліп, кеңістіктік деректердің дәлдігі мен тиімділігіне, қолжетімділігіне деген талаптар күшейді. Сондықтан олқылықтар мен қайшылықтарды жөндеу үшін қазіргі заңды редакциялап, ілеспе заң қабылдау қажет.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Министрдің айтуынша, заң жобасында Қазақстанның бірыңғай цифрлық картографиялық негізін жасауға мүмкіндік беретін дәлдігі жоғары геодезиялық координаталар жүйесімен қамтамасыз етуді көздейді.

«Қазіргі таңда елімізде кеңестік кезеңнен қалған 1942 жылғы СК-42 мемлекеттік координаталар жүйесі орнатылған. Бұл жүйе қазіргі заманның талаптарына сай емес, әбден ескірген, деректердің дәлдігі мен тиімділігі төмен», – деді министр Мусин.

Мусин Қазақстанда бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесі жоқ екенін, салдарынан шектеу белгісі бар мәліметтерді пайдаланбас үшін субъектілер ашық көздердегі, яғни бұрыс жүйелерді қолданып жүргенін баса айтты. Мәселен, бір елді-мекеннің әртүрлі бірнеше координаттар жүйесі болуы ықтимал

Заң жобасында қарастырылған жаңашылдықтардың бірі – Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын (ҰКДИ) енгізу, яғни ақпараттар дәл, жедел және өзекті болуы үшін кеңістіктік деректер бір платформада бірыңғай форматта және бірыңғай талаптарға сай қалыптастырылатын болады. Бағдат Мусин

Негізгі Заңның жобасы іске асса, жер қатынастары, сәулет, құрылыс, жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау, геология, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызметтердің жылдамдығы мен сапасы, мемлекеттік бақылаудың тиімділігі мен жеделдігі артып, сондай-ақ адал бәсекелестікке жол ашылады.

Қазақстан Мусин Бағдат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: