Үкімет инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын бекітті

Сурет: primeminister.kz
Министрлер кабинеті Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын бекітуге дауыс берді. Бұл құжат ел экономикасына тартылатын инвестициялардың өсуіне айтарлықтай ықпал етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Тұжырымдама бойынша 2026 жылы негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-нің 25,1%-не дейін жеткізуді және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 25,5 млрд долларға дейін ұлғайтуды көздейтін ауқымды мақсатты индикаторлар белгіленгенін атап өтті.

Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді:

  1. Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер Инвестициялық саясат тұжырымдамасындағы іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

  2. Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктері орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Тұжырымдаманың жаңа мақсатты индикаторларының декомпозициясын жасауы керек.

  3. Сыртқы істер министрлігіне Инвестициялық штаб отырыстарында инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен іске асырылып жатқан жобалар туралы салалық министрліктер мен әкімдіктерді тыңдау кестесін жасау тапсырылды.

  4. Әкімдер индикаторларға қол жеткізу барысын ерекше бақылауда ұстауы және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде проблемалық мәселелерге жедел ден қоюы қажет.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі