Ғарыштан мониторинг жасау арқылы еліміздің 5 өңірінен есірткі алқабы табылды

Сурет: Instagram/bagdatmussin
ҚР Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Instagram-дағы парақшасында Ішкі істер министрлігімен ғарыш мониторингі саласында бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары туралы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз ІІМ-мен электрондық құжаттандыру, жедел басқару орталығы бағытында ғана емес, ғарыш мониторингі бойынша да әріптестік орнатқанбыз. «Қазақстан ғарыш сапары» құқық қорғаушы органдармен бірге «Қарасора» операциясына қатысып, ғарыш мониторингі арқылы есірткі алқаптарын анықтап жатыр, – деп жазды министр.

Оның айтуынша, биыл 686 мың шаршы шақырымға мониторинг жасалып, 5 өңірден каннабис егілген жерлер табылды.

2019 жылы космомониторинг арқылы 123 алқап анықталған.

Ғарыштық бақылау KazEOSat-1 және KazEOSat-2 спутниктері, сондай-ақ шетелдік спутниктер арқылы жүргізіледі. Мұндай алқаптар анықталған жағдайда сол жерге Қазақстан ғарыш сапарының қызметкерлері мен ІІМ арнайы бөлімшесі жіберіледі.Бағдат Мусин
Қазақстан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды