Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бюджеттен қаржыландыру 2 есеге ұлғайтылды

Сурет: primeminister.kz
Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР премьер-министрі ауыл шаруашылығы саласында өткен жартыжылдықта қандай жұмыстар атқарылғанын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Смайылов биыл көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы өткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданғанын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы бойынша қабылданған шаралар:

  1. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға республикалық бюджеттен қаржыландыру 2 есеге ұлғайтылды және форвардтық сатып алуға 80 млрд теңге берілді.

  2. Нарықтық бағадан 15%-ке төмен бағамен 400 мың тонна жанар-жағар май жеңілдікпен бөлінді.

  3. Тұқымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді және жемдік астық қорын қалыптастыру үшін қосымша қаражат бөлінді.

    Сондай-ақ үкімет басы субсидиялау бағыттары қысқартылып, 2023 жылдан бастап олардың тиімсіз түрлері алынып тасталғанын атап өтті.

Жемқорлық деңгейін төмендету үшін 1 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды. Әлихан Смайылов

Сонымен қатар премьер-министр өңірлерді дамыту бойынша қандай шаралар қабылданғанына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді.

  1. «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді, олар 580 ауылда 1 100 жобаны іске асыруға бағытталған.

  2.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру аясында 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20 млрд теңге бөлінді.

  3. Жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын батыс өңірлерінің (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары) кешенді жоспарлары қайта қаралып, кеңейтіліп қабылданды.

    Кешенді жоспарлар шеңберінде 170 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді