Қазақстанда дизель отынының бағасына сараланған тариф бекітіледі

Сурет: Zakon.kz
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда дизель отынына сараланған тариф енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Болат Ақшолақов мемлекет басшысы транзиттік көлік пен шекара периметрі бойынша сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығын болдырмау міндетін қойғанын еске салды.

Министрлік дизель отынының сараланған бағасын қарастыратын бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түрлеріне байланысты сараланады. Бұл бағыттағы жұмысты мүдделі мемлекеттік органдармен және тараптармен бірлесіп жалғастырамыз. Энергетика министрі Болат Ақшолақов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты