ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Талғат Бақтиярұлы Сәтиев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Талғат Сәтиев 1973 жылы 7 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей геологиялық барлау техникумын, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Семей қаласындағы «Востказнедра» мемлекеттік мекемесінің Семей облыстық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының жетекші маманы болып бастаған.
Осы жылдар ішінде мемлекеттік мекеменің Семей облыстық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бас маман-инспекторы, бастығы, Өскемен Востказнедра геология басқармасының бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.
2014 жылы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары, одан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы.
Талғат Сәтиев 2021 жылдан осы уақытқа дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді.