Ғалым Құрман «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ғалым Құрман «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалым Полатұлы Құрман 1981 жылдың қазанында Түркістан облысында дүниеге келген. Ол 2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және 2005 жылы халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдады.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бухгалтерлік есеп қызметінің бас экономисі ретінде бастады.

Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бас маман, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары, Астана және Шымкент қалаларындағы Тексеру комиссиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бері «мемлекеттік аудитор» біліктілігіне ие.

Биыл наурыз айынан бастап «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» төс белгісімен марапатталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды