Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі қаулысымен «БН Экотехнология» ЖШС 60 000 гектар жайылым 49 жыл мерзімге уақытша пайдалануға берілді. Бұл аудандағы барлық жайылымдық жердің 10,2%-ына тең.
Алайда «БН Экотехнология» ЖШС бүгінге дейін мал басын тіркемеген, сондықтан жайылымдық жерлер мақсатты пайдаланылмаған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі
Басқарманың Жамбыл облысы әкіміне жер пайдаланушыдан жер телімдерін мәжбүрлеп алып қою шараларын қабылдау туралы 28 шілдедегі хаты негізінде биыл 19 тамызында Сарысу ауданы әкімдігі 60 000 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді.
Алаңның кадастрлық сметалық құны - 336 млн теңге.