Мемлекет басшысы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша тәркіленген мүлікті мектеп салу үшін пайдалануға жолданатынын атап өтті. 2019 жылдан бастап тергеумен аяқталған сыбайлас жемқорлық істер бойынша залал сомасы 29 млрд-қа жеткен, деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Сондай-ақ бас прокурор бұл бағытта прокурорларға заңсыз алынған қаражат пен мүлікті өндіріп алу бойынша қадағалауды күшейтуді тапсырғанын жеткізді.
Үкіметпен бірлесіп Президент бастамаларын іске асыратын боламыз, - дейді Бас прокурор.