Ажар Ғиният медициналық сақтандыру жүйесінен бас тарту туралы: Бұл кері кету болады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен брифингіде "Тоқаевтың сынынан кейін медициналық сақтандыру жүйесінен бас тартылуы мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Медициналық сақтандыру жүйесінен бас тарту - кері кету болады! ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Оның айтуынша, МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін былтыр денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 0,5 трлн теңге, биыл 800 млрд теңге келіп түсті.

Бұл - қосымша жаңа технологиялар, қызметтердің аясын кеңейту, құрылғылар сатып алу, денсаулық сақтау саласына инвестиция салу, халықтың тұрмысы мен денсаулығын нығайту сияқты игі істер. Бұлардан қалай бас тарта аламыз? Сондықтан біздің міндет – МӘМС жүйесін жетілдіріп, оны барынша тартымды ету, оған басқа мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, медициналық сақтандырумен қамтылмағандарды тарту. Ажар Ғиният

Министр МӘМС жүйесіне енбей қалғандар бүгінгі таңда өз-өзін жұмыспен қамтушылар және жұмыс істемейтін немесе кедейлік жағдайындағы адамдар болуы мүмкін деп болжады.

Бұл мәселелерді басқа мемлекеттік органдар мен әкімдіктер анықтап, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Егер адам қандай да бір себептермен жүйеге тіркелмеген болса, онда оны мемлекеттік бюджет аясында есепке алуға болады, алда мұндай жұмыс жүргізіледі. ҚР ДСМ басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС жүйесі тиімсіз болып шыққанын айтты. Оның айтуынша, шамамен 3 млн адам медициналық сақтандырудан тыс қалған.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін