Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы тағайындалды

Сурет: Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі
Барлық Төреханов Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен Барлық Төреханов Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Барлық Төреханов 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген. 2013 жылы Дюк университетін (Солтүстік Каролина, АҚШ) мемлекеттік саясат және менеджмент мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ ол адвокаттар алқасының мүшесі.

Еңбек жолын 2000 жылы "Ақнұр" ЖШС директорының орынбасары болып бастады. Осы жылдар ішінде жеке компанияларда және Астана қаласындағы "Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында қызмет етті.

2007-2012 жылдар аралығында Түрксіб аудандық әділет басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2012-2018 жылдар аралығында Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар үш жыл бойы Samruk-Kazyna Trust АҚ жобаларды басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

2021-2022 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары болды.

2022 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты