Үкіметте экономиканы несиелендіруді кеңейту жөніндегі шаралар қаралды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді, онда экономиканы несиелендіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талқылауға ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов және т. б. қатысты, делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кеңес барысында энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін кеңейту бойынша ұсыныстар қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Үкіметтің экономикалық блогына басым секторлар мен перспективті жобалар тізбесін пысықтауды, сондай-ақ ел экономикасына әсерін ескере отырып, ұсынылатын шараларды қосымша талдауды тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды