Қазақстан Ресейдің Еуразиялық даму банкіндегі акциясының 4,2 пайызын сатып алады

Сурет: Zakon.kz
17 қарашада ҚР Парламенті сенатының кулуарында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ресейдің Еуразиялық даму банкіндегі үлесінің 4,2 пайызын сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, қазір Қазақстанның Ресейден Еуразиялық даму банкіндегі 4,2 пайыз акциясын сатып алуы бойынша келіссөздер процесі жүріп жатыр.

"Келіссөздер жүріп жатыр, опцион уақыты болады, нақты төлем болмайды, ол біраз уақыттан кейін өтеді. Оны жылдарға бөлетін болсақ, бұл үлкен жүктеме болмайды деп ойлаймын. Шамамен жылына 7 млрд теңге, оны бірнеше жылға бөлеміз. Бюджетке ауыртпалық болмас үшін жалпы сома шамамен 25-30 миллиард теңге болады". Ерұлан Жамаубаев

Ол Ресейден үлесті сатып алып, сол арқылы Қазақстанның Еуразиялық даму банкіндегі үлесін ұлғайту елдің мәртебесін көтеретінін айтты.

"Бұл мемлекеттің мәртебесін көтеру үшін маңызды". Ерұлан Жамаубаев

БАҚ-та қазіргі таңда Еуразиялық даму банкі акцияларының 65,97%-ы Ресейге, 32,99%-ы Қазақстанға, 1%-ға жуығы Беларуське, қалғаны Тәжікстан, Армения және Қырғызстанға тиесілі екені туралы ақпарат тараған еді.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) – қатысушы мемлекеттердің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) экономикалық өсуіне, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және инвестициялық қызмет арқылы еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді дамытуға жәрдемдесуге арналған халықаралық қаржы ұйымы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз