Екібастұздағы апатқа жылу тарифтерінің төмендігі себеп болуы мүмкін – министрлік

Табиғи монополиялар субъектілерінің жылу энергиясын өндіру және жылу беру қызметі тарифтерін белгілеу министрліктің құзыретіне жатпайды, оған табиғи монополиялар субъектілерін реттеу жөніндегі мемлекеттік органдар жауапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-да сағат 01.30-да жылу желілеріндегі ақауларға байланысты желілік судың қысымы төмендеді, салдарынан №11, 13, 14, 15 су жылыту қазандықтары автоматты түрде істен шықты, сондай-ақ №8 энергетикалық қазандық жұмысы да тоқтатылды.

 

Нормасы 400 тонна/сағат делінсе, жылу желісін сумен толықтыру шамамен 900 тонна/сағатты құраған.

Жылу желілеріндегі жеткізу температурасы: график бойынша – 87 градус, ал іс жүзінде ол 51 градусқа дейін төмендеп кеткен.

Өңірде барлық техникалық қызметтердің, энергетикалық кәсіпорындар басшылығының және ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды. 

Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 4 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желісі айналымда. Жылу желілеріндегі ақауларды жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды, орамдық желілерде 5 ақау анықталды, басқа да зақымдануларды анықтау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Министрлік бұған дейін Павлодар облысы Екібастұз қаласы тұрғындарының Екібастұз ЖЭО-да жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы туралы шағымдары бойынша ҚР Энергетика министрлігі құрамында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің және әкімдіктің өкілдері бар арнайы комиссия құрылғанын еске салады.

 

2022 жылғы 9-10 тамыз аралығында комиссия Екібастұз ЖЭО-да болды. Сапар барысында негізгі жабдықтың жөндеу жұмыстары және төмен температура кезеңінде жүктемені көтеру дайындығы тексерілді. 

Станцияны аралау барысында ЖЭО басшылығына жөндеу жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Жалпы, электр станциясында 5 энергетикалық және 5 су жылыту қазандығы, сондай-ақ 1 бу турбинасы орнатылған. 

Комиссия жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейін ерекше атап өтті, ол 70%-дан асады. Жылу құбырларының қазіргі тозуы жылу желілеріндегі, әсіресе жылыту маусымдарының басында жыл сайын байқалатын жоғары апаттылық қаупінің негізгі себебі болып табылады. ҚР етіЭнергетика министрлігінің баспасөз қызм

 

Жылу желілері құбырларында жөндеу жұмыстарының қажетті және жеткілікті көлемін жүргізуге әсер ететін негізгі жүйелі проблемалардың бірі жылу энергиясына қолданыстағы төмен тариф болып табылады. Жылу құбырларының жалпы ұзындығы - 342 шақырым, жыл сайын шамамен 3-4 шақырым жылу желілері ауыстырылады.

 

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: