Серік Жұманғарин Екібастұздағы ахуал жайлы: Бүгін белгіленген жұмыстың 99%-ы аяқталады

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин арнайы брифинг барысында Екібастұзда апат орын алғаннан кейінгі екі күн өте қиын болғанын жеткізді. Өйткені мамандар кінәрат неден екенін бастапқыда таба алмай, дал болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі күннен кейін ақау орындары нақтыланып, барлық күш жұмылдырылды. Қазір жағдай тұрақталған. Белгіленген жұмыстың бүгін 99 пайызы аяқталады. Жалпы, Екібастұз - жұмысшылар қаласы. Сондықтан тұрғындар да дүрбелеңге салынбай, әркім өзінше бұл мәселе шешіміне ат салысып жатқанының куәсі болдым. Мәселен, мамандар қашан келеді деп күтіп отырмай, ағызатын суды ағызып, бұрайтын жерін бұрап дегендей әр адам еңбек етуде. Облыс әкімдігі жұмысына да көңілім толды. Әлеуметтік нысандағы адамдар жылы орынмен қамсыздандырылған. ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин

Сондай-ақ жылытушы электр құрылғыларының өңірде қымбаттауына қатысты сауалға да министр жауап бере кетті. Оның айтуынша, жылытушы электр құрылғысын сатып алудың керегі жоқ.

Әрине, сұраныс болған соң баға өседі ғой. Бірақ оны сатып алудың керегі жоқ. Өйткені менің алдымдағы есепке сүйенсек, тегін берілетін 5 мың жылытушы құрылғы бар. Оны волонтерлар, Amanat партиясының филиалы, жергілікті әкімдік таратып жатыр. Солардан тегін алуға болады. Одан кейін оны қайтарудың қажеті жоқ. Ал қандай да бір апат салдарынан шығынға ұшырағандар бар болса, оны жылумен қамсыздандырушы компания өтейтін болады. ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған