Екібастұзда жылу желілеріне қосылмаған 11 үй қалды

Сурет: primeminister.kz
4 желтоқсандағы жағдай бойынша жылу желілеріне 11 үй қосылусыз қалып отыр. Оларға бүгінгі күннің соңына дейін жылу беру жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлайды, делінген UKIMET Telegram-арнасында.

4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделіп жатыр.

Пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетсек, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. 11 үйге күннің соңына дейін жылу беру жоспарланып отыр.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

15 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады