Қайырбек Өскенбаев әуе компанияларына қойылатын талаптар күшейтілгенімен, рейстердің кешігуі жалғасып жатқанын айтты.
"Біз өте қатал баға береміз. Жазда Scat және Air Astana бірнеше рет кешіккен, естеріңізде болса. Апта сайын айыппұл салдық. Бәрі жақсарған сияқты. Бірақ қазір қайта басталып жатыр".ҚР МИИР басшысы
Министрдің айтуынша, бұл мәселені шешудің екі жолы бар.
"Бұл жерде екі жол бар. Біріншіден, әрине әкімшілік. Бұл - әлі де компанияның жауапкершілігі, оның логистикасы. Олар форс-мажор жағдайларды қамтамасыз етуі керек. Екіншісі - 2025 жылға дейін біздің ұшақтар паркін ұлғайту. 51 жаңа ұшақ сатып алып, олардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Әзірше бұл мәселені осы екі жолмен шешеміз".Қайырбек Өскенбаев
Сонымен бірге ол рейс ұзаққа созылған жағдайда әуе компаниялары жолаушыларды қонақүй мен тамақпен қамтамасыз етуге міндетті екенін еске салды.
"Осының бәрі заңда көрсетілген. ААК-ға хабарласу керек. Осы рейс бойынша туроператор мен авиакомпанияның жауапкершілігі қай жерде екенін түсіну керек. Менің нұсқауым бойынша Азаматтық авиация комитеті (ААК) түсінеді. Екі жол бар. Соларды қарастырамыз, талаптарды тағы да күшейтеміз: айыппұл және жеткізу талаптары. Компаниялардың тұрғылықты жерінде орындауы керек талаптарын ұстануы, азық-түлікпен қамтамасыз етуі қадағаланады. Олардан транспортты жаңартуды талап етеміз".ҚР МИИР басшысы
8 желтоқсанда министрлік Қазақстандағы Talgo рейстерінің тоқтатылуын түсіндірді.