Әлихан Смайылов KAZAKH INVEST директорлар кеңесімен отырыс өткізді

Отырыста 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы және Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жылы "KAZAKH INVEST" қолдауымен жалпы сомасы $4,1 млрд-қа шетелдіктердің қатысумен 45 жоба пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтініш өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.

Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша шетел компаниялары үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды. Олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттармен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Қазақстан Смайылов Әлихан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: