Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" жұмысын бағалау үшін халықаралық сарапшыларды тартады

Сурет: primeminister.kz
Бағалау жүргізу кезінде "АрселорМиттал Теміртау" өндіріс көлемін, кәсіпорындағы жұмыспен қамту және жалақы деңгейін сақтауға міндеттеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұма, 9 желтоқсанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен кездесті, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) кәсіпорнындағы қауіпсіздік жағдайына аса алаңдаушылық білдірді. 

Өз кезегінде Виджей Гоял адам өліміне әкелген қайғылы жағдайларға байланысты көңіл айтып, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі АМТ-нің жауапкершілігін мойындады. Ол ArcelorMittal компаниясы өндірістік қауіпсіздікті күшейту жұмыстарын жалғастыратынын растады және компанияның қайтыс болған жұмысшылардың отбасыларына толық қолдау көрсететіне уәде берді.

Сонымен қатар Виджай Гоял АМТ басшылығы Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеуге толық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында меморандумға қол қойылды, оған сәйкес қазақстандық тарап компанияның жұмысын бағалау үшін халықаралық сарапшыларды тартатын болады.

Бұл ретте АМТ бағалау жүргізу кезінде өндіріс көлемін, кәсіпорындағы жұмыспен қамту және жалақы деңгейін сақтауға міндетті болады.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді