Республика бойынша балық аулауға болмайтыны туралы 1 300-ге жуық белгі қойылды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қысқы кезеңнің басынан бастап құтқарушылар қысқы балық аулаушылар баратын су айдындарында рейдтік іс-шараларды жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күн сайын балықшылар өздерінің қауіпсіздігін ескермей мұзға шығады. Рейдтік іс-шаралар балықшылардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алуға, су айдындарындағы жағдайды тексеруге және қысқы балық аулаушылар түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар қысқы кезең басталғалы бері бастап балық аулау орындары бойынша 8 500-ден астам рейд жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 1 300-ге жуық белгі және "Балық аулауға тыйым салынады!", "Абайлаңыз, жұқа мұз!" баннерлері орнатылды.

Рейдтер барысында әдетте көп жағдайда адамдар өз қауіпсіздігін елемейтіні, өздерімен бірге құтқару құралы жоқ екендігі анықталды. Әрбір балықшыға қауіпсіздік ережелері мен шұғыл қызметтердің телефондары жазылған жадынамалар беріледі. Құтқарушылар, егер адам мұз астына түсіп кетсе, не істеу керектігі туралы нұсқау береді.

ТЖМ қысқы балық аулаушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және тексерілмеген мұзға шықпауға, құтқару құралдарын алып жүруді ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды