Смайылов әлемдегі ең бай адаммен инвестиция жобаларын талқылады

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Adani Group компаниясының президенті Гаутам Адани Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны іске қосу перспективасын ақылдасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде көлік және логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларда жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды. Премьер-министр мұның барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар екенін атап өтті.

"Осы орайда Adani Group-пен ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп санаймыз және сіздің компанияңыздың біздің еліміздегі іскерлік байланыстарды кеңейту ниетін құптаймыз", — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет Қазақстанда холдинг жобаларын іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Өз кезегінде Гаутам Адани компания бірінші кезекте азаматтық авиация, мұнай-химия секторы, көлік-логистикалық инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және «жасыл» сутегін өндіру бойынша жобаларға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.


"Біз белсенді жұмыс істеуге дайынбыз", — деді Гаутам Адани.
Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі