5G-ге арналған радиожиілік елімізде 93 млрд теңгеге сатылды

Сурет: unsplash
23 желтоқсан күні мобильді байланыстың бесінші буынына арналған радиожиіліктер бөлу бойынша сауда-саттықтың №2 лоты болды. Бұл ақпаратты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цифрлық даму министрінің мәлімдеуінше, аукционның бастапқы бағасы 1,761 млрд теңге көлемінде болған.

"Сағат 10.00-де баға 20 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал 4 сағаттан астам уақыттың ішінде бұл қаржы рекордтық мөлшерге жетіп, 93,399 млрд теңгеге дейін өсті. Осылайша, осы бағамен сауда-саттық аяқталды. "Кселл" АҚ және "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС-нен құралған консорциум жеңімпаз болып танылды".ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Министрдің сөзінше, жеңімпаз тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдегеннен кейін 3700-3800 МГЦ жиілігіне (100 МГЦ) ие болады.

"Аукционының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке жіберілген сома 156 миллиард теңге болады. Бұл қаражат "қолжетімді Интернет" жаңа ұлттық жобасын іске асыруға бағытталады".Бағдат Мусин

Оның айтуынша, жоба 3 мыңға жуық ауылды талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз етуді, республикалық және облыстық жолдар бойымен оптика салуды, АМС-ты (Антенна діңгектік құрылымды) жеткізуді және т. б. қажетті шараларды көздейді.


Қазақстан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі