ҚР Сыртқы істер министрлігі: McDonald's-тың кетуі Қазақстанның имиджіне еш әсер еткен жоқ

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров McDonald's-тың Қазақстаннан кетуі ел имиджіне айтарлықтай нұқсан келтірмегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Америкалық McDonald's брендінің кетуі және оның орнына "Вкусно и Точка" компаниясының Қазақстанда тіркелу жөнінде өтініш беруі туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып, ресми өкіл бұл нарықтағы мәселе екенін атап өтті.

"Қоғамдық тамақтандыру мәселелері Сыртқы істер министрлігінің құзырына жатпайды. Мен ештеңе айта алмаймын. Қалай болғанда да, қай компания келсе де, бәсекелестік, нарық бар. Бұл – нарық. Ол өзін-өзі реттейді: біреу келеді, біреу кетеді".Айбек Смадияров

СІМ өкілі "McDonald's-тың кетуі Қазақстанның имиджіне нұқсан келтірді ме?" деген журналистер тарапынан қойылған сұраққа да жауап беріп өтті.

"Еш нұқсан келтірген жоқ". Айбек Смадияров

2023 жылғы 5 қаңтарда McDonald's Қазақстандағы жұмысын тоқтатты.

Арада екі апта өтпей жатып "Вкусно и Точка" желісі ҚР Әділет министрлігіне тіркелу туралы өтініш жібергені белгілі болды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі