Экология министрі вице-министрлерінің қызметтен кететіні жөніндегі қауесетке түсініктеме берді

Сурет: primeminister.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова үкімет кулуарында министр болып тағайындалғаннан кейін вице-министрлері қызметтен кетуге ниет білдіргені жөнінде тараған қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері одан Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалғаннан кейін вице-министрлері қызметтен кетпек болғаны жөнінде тараған ақпарат қаншалықты рас екенін сұрады.


"Қазір министрлік қайта құрылып жатыр, мемлекеттік орган қайта құрылған кезде барлық қызметкерлер автоматты түрде міндетін атқарушы режиміне көшеді. Министрлікте штаттық кесте қайта бекітілмейінше, мемлекеттік орган әділет органдарында қайта тіркеуден өтпейді.Әрине, осыған байланысты жеке қызметкерлер арасында қалу-қалмауы жөнінде біраз ақпарат тарады деп есептеймін. Ол ақпараттың дәйектелуі міндетті емес. Қайта құру деген осындай процесс, кейбір бөлімшелерді басқа министрлікке беруге тура келді, біз бүкіл комитетті ауыстырдық. Процестің өзі күрделі. Зүлфия Сулейменова

Бұл ретте ол өткен жылы барлық вице-министрлермен жұмыс істегенін атап өтті. Оның айтуынша, ол Экология министрлігіне басшы болып тағайындалған сәттен бастап олар "министрлікке жүктелген міндеттерді іске асыруға көмектесуге дайын екенін білдірген".

"Егер олар қалғысы келсе, тіпті жақсы. Егер әлдекім өзін басқа салада сынап көргісі келсе, біз бұл шешімге зор құрметпен қараймыз және қолдаймыз. Егер бұл (министр болып тағайындалғаным – ред.) біреуді алаңдататын болса, ол алаңдап жүрген адамдардың проблемасы. Бүгінде министрлікте жұмыс бастан асады. Ұжымдағылардың көбі мені жақсы қабылдады". Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы

4 қаңтарда Зүлфия Сүлейменова экология министрі атанды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін 2022 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды